Риддер қаласында биатлоннан жасөсіпірімдер арасында ел біріншілігі өтуде. Жарыста өңір намысын қорғап жатқан екі спортшымыз жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
2005-2006 жылдары туған бойжеткендер арасында өткен сында жеңіс Риддер қаласының спортшысы София Унжаковаға бұйырса, жерлесіміз Виктория Горан күміс медальға қол жеткізді. Үздік үштікті Абай облысының өкілі Эвелина Мезенцева түйіндеді.
Ал 2007-2008 жылдары туған қыздар санатында солтүстікқазақстандық Сабина Сатыбалдина жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орын ақмолалық Мария Жигулинаға бұйырды. Қола медальді тағы Ақмола облысы командасының мүшесі Полина Подгорнова қанжығасына байлады.