Петропавлда көпқабатты үйлердің шатырын қар басып жатса, мүлік иелері бірлестігінің төрағаларына айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қаладағы көпқабатты үйлердің шатырын қардан тазалау құны орта есеппен 60 мың теңге екен. Бірақ баға подъезд бен аумаққа байланысты өзгереді.
— Бұл жұмыстарын аталмыш тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдар жүргізуі қажет. Шатырды қар түскен кезден бастап тазалау керек. Бұл – олардың жұмысы, – дейді Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әсет Ысмағұлов.
Егер де МИБ немесе ПИК төрағалары тұрғындардың ескертуіне құлақ аспаса, онда учаскелік инспекторға арыздануға болады. Одан кейін жауапты тұлғаларға қомақты мөлшерде айыппұл салынады.