СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Samruk-Kazyna Construction” АҚ басшысымен кездесіп, облыста тұрғызылатын мектептердің құрылысы жайында әңгіме қозғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыс орталығындағы «Орман» және «Береке» шағынаудандарында екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовпен тілдесіп, жайлы мектептер салу жоспарын талқылады.
— Нысандар кестеге сәйкес салынуы керек. Мердігерлердің жұмысын қадағалап, құрылыс сапасын қадағалау маңызды», — деп атап өтті өңір басшысы.
Жаңа білім беру нысандары үш ауысымда оқытуды және орын тапшылығын жояды. Оқушыларға білім алуға және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасалады.