Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Кезекті ойынды жергілікті «Құлагер» өз мұз айдынында «Алматы» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Құлагер» мен «Алматы» командалары арасындағы ойын жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Солтүстікқазақстандықтар қарсылас қақпасына бес жауапсыз шайба салып, жеңісті еншіледі. Жергілікті клуб сапында Евгений Лызин, Алексей Закарлюкин, Никита Потапов көзге түсіп, Александр Своеволин дубль авторы атанды.
Осы ойыннан кейін жерлестеріміз турнир кестесінде 9-шы орынға жайғасса, алматылық «Алматы» командасы 10-шы сатыға тұрақтады.