Ақтөбе қаласында волейболдан өтіп жатқан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының төртінші туры өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Екінші орындағы тараздықтар өзін өкшелеп келе жатқан «Жайықты» 3:0 есебімен ұтқан еді.
Бүгін «Тараз» ел чемпионы «Павлодар» командасымен алаңға шықты. Тараздықтар 3:1 (25:23, 22:25, 25:18, 25:15) есебімен жеңіске жетті.
Турнир кестесінде павлодарлықтар 52 ұпаймен бұрынғыша көш бастаса, «Тараз» (48 ұпай) бір табан жақындай түсті.
Үшінші орындағы «Жайық» (41 ұпай) бүгін «Ақтөбеге» 1:3 (28:30, 20:25, 25:22, 20:25) есебімен есе жіберді. Оралдықтар чемпионат барысында осымен ақтөбеліктерден екінші рет жеңіліп отыр.
Төртінші сатыдағы «Есіл» (СҚО, 32 ұпай) күтпеген жерден «Жетісу жастарына» жол берді – 0:3 (21:25, 24:26, 21:25).
«Атырау» «Ұшқын-Көкшетаудан» 3:0 (25:22, 25:22, 25:13) есебімен айласын асырды.