СҚО полицейлері 1200-ден астам жол қозғалысына қатысты құқық бұзушылықты анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыста жол қозғалысына қатысушылар тарапынан 1282 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары 14 мас жүргізушінің жол жүруін тоқтатқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Соңғы оқиға – Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда болды. Онда ресейлік есепте тұрмаған «Mercedes» автокөлігін аудан орталығының көшелерімен мас күйінде басқарып жүрген.

Жедел алдын алу іс-шарасының 4 күні ішінде заңмен белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралдарын басқарудың 13 фактісі анықталды. Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзудың 31 жағдайы анықталды.
Өткен жылы маневр жасау қағидаларын бұзу 39 жол-көлік оқиғасына себеп болған. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 60 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

– Жол -көлік оқиғаларының ықтималдығын арттыратын бұзушылықтарға баса назар аударылады. Оның бірі – тағылмаған қауіпсіздік белдіктері. 4 күн ішінде апаттық жағдайда өзінің және жолаушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген 163 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Жедел алдын алу іс-шараларының 4 күні ішінде анықталған жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзушылықтар: жылдамдық режимін бұзу – 238, жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 15, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 14 дерегі анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz