Облыста сотталғандар арасында «Қысқы шабыт – 2024» байқауы өтті. Жазасын өтеп жүргендер суреттер, қабырға газеттерін дайындау, қардан фигуралар жасау және мәнерлеп өлең оқу бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Теміртордың арғы-жағындағылардың өнерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. «Қысқы шабыт – 2024» байқауы облыстық ҚАЖД-ға қарасты мекемелердің базасында өткізілді. Сотталғандар «Қысқы ертегі», «Қар патшалығы», «Менің жаңа жылым» және т.б. тақырыптар бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алдымен қатысушылар қабырға газеттерін әзірлесе, кейін суреттер салса, үшінші кезеңде мәнерлеп өлең оқу сыны бойынша өнерлерін көрсетті. Ақтық сында өз қолдарымен қар фигураларын жасады.
– Іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының мүшелеріне біздің іс-шараға қызығушылық танытқаны және қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық ұпайларды санау арқылы орындар белгіленді. 1-орын – №50 мекемесіне; 2-орын – №52 мекемесіне, 3-орын – №48 мекемесіне бұйырды, – дейді СҚО ҚАЖД бөлімінің бастығы Тамара Прокофьева-Ваулина.