Владислав Лукин жаңа қызметке тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімінің өкімімен Владислав Лукин Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

Владислав Лукин М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді «Құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы облыстық құрылыс басқармасында бастаған. Кейін осы ведомствода бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды. Бір кездері Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, Мамлют ауданының әкімі болып та жұмыс істеді.

Ал 2023 жылдың тамыз айынан осы тағайындауға дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz