Ақпанның 2-сі күні «Петропавл – Жезқазған» тас жолында тіркелген апаттан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жол апатында зардап шеккеннің бірі Есіл аудандық ауруханасына жатқызылған. 11 күн бойы емдеу мекемесінде болған 45 жастағы келіншек бүгін жан тапсырды.
– Сол күні 4 адам ауруханаға жатқызылды. Бүгіндері екеуінің жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.