Өткен жылы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті 72 аудиторлық тексеріс жүргізді. Оның барысында 23 702,7 млн. теңге тексеріліп, 17 805,9 млн.теңге бойынша бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Департамент мамандарының мәліметінше, қаржылық бұзушылықтар 3 964,5 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 13 841,4 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар 4 369,9 млн.теңге көлемінде мемлекеттік сатып алу заңнамасы бұзылған.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге, бюджетке өтеуге жататын 3 964,5 млн.теңгенің 3 637,2 млн. теңгесі немесе 91,8 пайызы қалпына келтірілді. Жіберілген бұзушылықтар үшін 74 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына 72,6 млн. теңге сомасына 2 аудит материалы жіберілді, олар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Олардың біреуі бойынша кінәлі лауазымды тұлға 7 жылға сотталды, екіншісі бойынша сот талқылаулары жүріп жатыр.
Жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 44,1 млн.теңгеге айыппұл түрінде 620 әкімшілік жаза қолданылды. Бюджетке 43,6 млн. теңге өндірілді.
Департамен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша объектілерге 31,1 млрд.теңге сомасына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2319 хабарлама жіберді.