Есірткісіз болашақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық Мәдениет үйінде «Қазақстан жастары есірткісіз болашақ үшін» ұранымен концерт өтті. Оны ұйымдастыруға облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, басқа да мүдделі мемлекеттік органдарың өкілдері қатысты. Петропавл колледждері мен мектептерінен 400-ден астам студент көрермен болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Концертте жастар ұжымдары өнер көрсетті. Бағдарламаның басты тақырыбы — «Kozybayev University» студенттерінің бастамашыл тобы дайындаған спектакль. Дарынды жас әртістер нашақордың  өмірінің мағынасыз, өкінішке толы болатынын егжей-тегжейлі көрсетті.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Біржан Көшербаев еліміздегі нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары туралы айтты. Оның  мақсаты есірткіні бақылау тетігін жетілдіру, нашақорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру болып табылады.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Еңбек Сембин нашақорлықтың алдын алу жұмысына қосқан үлесі үшін белсенділерге, ұстаздар мен өнер адамдарына Алғыс хаттар табыстады.

-Қазақстанда есірткі бизнесіне тартылған жастардың саны жыл сайын өсіп келеді. Жеңіл ақша табуға ұмтылған кешегі оқушылар мен студенттер өмірлерінің ұзақ және қызықты жылдарын қамауда  өткізеді. Есірткіні таратқаны үшін он жылдан өмір бойы бас бостандығынан айыру, ал заңсыз жарнамалағаны және насихаттағаны үшін алты жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын әркім білуі керек, — деді Еңбек Сембин.

Жуырда облыста «Тосқауыл» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде  13 есірткі қылмысы анықталған . Оның ішінде есірткіні аса ірі көлемде сақтаудың 3 фактісі мен 4 сату фактісі әшкереленген. Заңсыз айналымнан 11 килограмнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz