11 күннің ішінде мас күйде көлікті тізгіндеген 26 жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаңтар айында облыс жолдарында 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 29-ы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш баян етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД ЖПҚ-ның мәліметінше, өңірде тіркелген 20 жол-көлік оқиғасының 18-і жүргізушілердің кінәсінен орын алды.

– Жыл басынан бері жол қозғалысын қадағалау кезінде 6 000-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 98 жүргізуші алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде ұсталса, 753-сі жылдамдық режимін асырған, 653-і қауіпсіздік белдігін тақпаған және 310 азамат рөлді тізгіндеген уақытта ұялы телефонды ұстаған, — деді Григорий Тыш.

Ақпанның 5-сі мен 29-ы күндері аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» респубиликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған кезеңде полиция қызметкерлері жұмысты күшейтіп, жол қозғалысын реттеуге 365 полиция қызметкері жұмылдырылады.

– Соңғы 11 күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 3000-нан астам дерегі анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарған 26 жүргізуші, жылдамдық режимін бұзған 575, қауіпсіздік белбеуін тақпаған 384 азамат тіркелді. Олар әкімшілік жазаға тартылды, — дейді СҚО ПД ЖПҚ бастығының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz