Кен орындарынан өнімді шетелге заңсыз саудалаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Тиолайн» компаниясының бірлескен иесі Виктор Долгалевқа заңсыз кәсіпкерлік және жер қойнауын өз еркімен пайдаланды деген айып тағылуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы ресми парақшасында келтірілген мәліметтерге сәйкес, СҚО полицейлері жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін «Тиолайн» компаниясының бірлескен иелерінің бірі Виктор Долгалевтің ұсталғанын хабарлауда.

Соттың санкциясымен ол қамауға алынып, оны тергеу үшін қылмыстық іс қозғалғаны туралы да айтылуда.

– Долгалевке аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу деректері бойынша, 2021 жылдың наурыз айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі компанияның 38 млрд. теңгеге қаржылық және инвестициялық міндеттемелерді бұзуына байланысты «Обуховское» кен орнын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды, — делінген хабарламада.

2020 жылдың 1 маусымында сот шешімімен оған «Тиолайнның» мүлкін басқаруға тыйым салынды. Алайда, Долгаев түрлі схемалар бойынша Қытайға және басқа елдерге өнімдерді экспорттап, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді жалғастырды. Осылайша соңғы үш жылдың ішінде ол шетелге 113 мың тоннаға жуық кен өнімін экспорттады.

Заңсыз кірістердің жалпы сомасы 26 млрд. теңгеден асты. Бұл қаражатқа бөгде адамдар арқылы кен орнына іргелес жатқан 7,5 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер сатып алынды, оларда да кен өндіру заңсыз жүргізілуде. Сондай-ақ, Долгалевке салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерден шамамен 2 млрд. теңге жалтарғаны үшін айып тағылды.

— Қазіргі уақытта жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚІЖК — нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz