Техникалық қызмет көрсету стансасының шатыры жанып кетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінде өрт шықты. Ғимараттың екінші қабаты мен шатыры толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ТЖД мәліметінше, төтенше жағдай бүгін тіркелді. Оқиға Мәскеу көшесінде орналасқан нөмірі 60-шы ғимаратта орын алды. Қызыл жалын 90 шаршы метр аумақты қамтыды. Салдарынан екінші қабат пен шатыры толығымен жанып кетті.

– Өрт ғимаратқа жақын орналасқан дүкенге ауып кетпеу үшін құтқарушылар барын салды. Қызыл жалын уақытылы ауыздықталып, оған 30 маман мен 10 техника жұмылдырылды. – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz