Аязға байланысты оқушылар қашықтан оқуға көшті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да қатты аязға байланысты кей мектептер хабарлама таратып, 19 ақпан сабақ қашықтан оқытылатынын ескертіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен аязға байланысты ескерту келді. Алайда әр мектеп қашықтан оқуға көшуді өздігінен шешеді.

— Облыста 458 мектеп бар, оның 7-уі — интернат. Ауа райының температуралық режимі бойынша -25 градуста 0-4 сыныптар, -27 градуста 0-9 сыныптар және -30 градус аязда 0-11 сыныптар мен колледжердің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқуға ауыстырылады. Температуралық режим туралы ақпарат білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында және барлық білім беру бөлімдерінің парақшаларында жарияланып отырады. Сабақтың қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылғанын сынып жетекшілері оқуышлар мен ата-аналарды дер кезінде ескертіп отырулары қажет, — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектеп ертең таңертең сағат 7.00-де -30 градус болатынын ескеріп, бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушыларын қашықтан оқуға көшірді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz