Құтқарушылар жедел медициналық көмекке мұқтаж екі әйелді ауруханаға жеткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Уәлиханов ауданында құтқарушылар жедел медициналық көмекке мұқтаж 2 әйелді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ТЖД мәліметінше, ақпанның 18-і күні сағат 01:30-да «101» пультіне Телжан ауылдық округі әкімінен хабарлама келіп түсті. Белгілі болғандай, Көбенсай елді мекенінде екі әйелге шұғыл медициналық көмек қажет еді. Олардың бірінің қолы сынса, екіншісінде аппендицит белгілері анықталды.

– Боран салдарынан жол жабылды. Сондықтан 1964 және 1990 жылы туған келіншектерге құтқарушылардың көмегі қажет болды. Талшық ауылының өрт сөндіру бөлімінен аудан тұрғындарына көмекке «ТРЭКОЛ» көлігі шықты. Ол әйелдерді Кішкенекөл ауылындағы аудандық ауруханаға аман-есен жеткізді, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz