Көмекке мұқтаж жандарға төленетін әлеуметтік төлемдер көлемі артады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік және тұрғын үй көмегінің көлемін ұлғайтуға дауыс берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қоғамдық кеңестің отырысында көмекке мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына мемлекеттен төленетін төлемдерге қатысты екі мәселе қаралды. Біріншісі әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне және осы көмектің мөлшеріне өзгерістер енгізу тұрғысында болса, екіншісі тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтаудағы өзгерістерге қатысты.

– 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуының 35 жылдығын мерекелеуге және СҚО әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы «мереке күндері мен атаулы күндерге алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерін келісу туралы» қаулысына өзгерістер енгізуге байланысты Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне төленетін төлем мөлшері 2024 жылғы 15 ақпанда 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылады, – деген шешімге келді Петропавл қоғамдық кеңес мүшелері.

1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің немесе халық жасағының өміріне қол сұққаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда, 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатын болды.

Қоғам белсенділері сондай-ақ табиғи апат немесе өрт салдарынан мүлкінен айырылған азаматқа (отбасына) тұрғын үй иелерінің біріне 200 АЕК-ке дейін төлем мөлшерін ұлғайтуға келісті. Қала тұрғындарының бұл санаттарына бұдан былай ТЖ кезінде қайтыс болған жағдайда қаза тапқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде төлем көздеу ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz