Тайынша ауданының әкімі сот талабын орындамағаны үшін жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша ауданының әкімінен мемлекет есебіне 74 мың теңге өндіріліп алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

СҚО сотының мәліметінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ер адам Тайынша ауданы әкімдігінің хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талап арыз берген. Әкімшілік істі қарау кезінде сот жауапкерге осы жылдың 3 қаңтарына дейін осы орган басшысының уәжделген ұстанымын көрсетіп, талап арызға жазбаша жауап беруді міндеттеді. Сондай-ақ бұл талапты орындамаған жағдайда жауапкерге оның құқықтық салдары туралы, атап айтқанда сот талабын орындамағаны үшін сот 20 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға құқылы екендігі түсіндірілді.

Алайда, сотпен белгіленген мерзімде жауапкер — Тайынша ауданының әкімі талап арыз бойынша жауап бермеген.

Осыған орай сот Тайынша ауданының әкіміне ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы мәселені талқыға шығарды.

Ақшалай өндіріп алуды қолдану заң мен сотқа құрметпен қарауды қалыптастыруға да ықпал етеді.

Аудан әкімі сотқа талап арызға пікірді және уәжделген ұстанымын белгіленген мерзімде ұсынбауының дәлелді себептерін түсіндіре алмады.

Сот ұйғарымымен Тайынша ауданының әкімінен 20 АЕК мөлшерінде, яғни 73 840 теңге республикалық бюджет кірісіне өндіріліп алынды.

Ақшалай өндіріп алудың ерекшелігі — бұл жаза қолданылған тұлғалар оны өз қаражаты есебінен бюджет кірісіне төлейді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz