Оқушылар сабақта рұқсат етілмеген сайттарға кірген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс прокурорлары тыйым салынған контентке кіруге мүмкіндік берген мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Прокуратура қызметкерлері білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тексерістер ұйымдастырып, кәмелетке толмағандардың құқықтарының өрескел бұзылғанын анықтады.

– ҚР «Білім туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, Петропавл қаласындағы 9 орта мектепте информатика кабинеттерінде балаларды өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерді жасауға ынталандыру (соның ішінде суицид және зорлық-зомбылық әрекеттері) материалдары бар тыйым салынған сайттар анықталды. Қадағалау органының қаулыларына сәйкес білім беру ұйымдарының басшылығы ӘҚБтК-нің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген ведомство таратқан мәліметте.

Сондай-ақ прокурордың ұсынысы бойынша қаладағы барлық білім беру мекемелерінде тыйым салынған интернет-ресурстарға қолжетімділік шектелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz