Норвегияның Лохтус қаласында армрестлингтен әлем кубогы өтті. Жарыста ұлттық құрама сапында үш солтүстікқазақстандық қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қол күресінен 85 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Максим Пляскин әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. 90 килограмда Әділет Зинатулин оң қолымен күресіп, барлық қарсыластарын жеңіп, бірінші орынды еншіледі. Ал сол қолмен тек ақтық сынды сүрініп, екінші сатыға жайғасты. Тағы бір солтүстікқазақстандық Ильдар Бимақанов 110 килограмм санатындағыларда бағын сынап, күміс (сол қол) және қола (оң қол) медальдарды қанжығасына байлады.