«Қуаныш» клубы өз алаңында көш тізгінін ешкімге берер емес

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ ҚР чемпионаты төртінші турының ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Бұл жолы орталық матч «Жетісу» (Талдықорған) мен «Берел» (ШҚО) командалары арасында өтті.

Кеше «Жетісу» бесінші сатыдағы «Алматыны» жеңсе, «Берел» «Алтайдан» айласын асырған еді.

Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» командасы бүгін де ширақ әрі шебер қимылдап, «Берелді» 3:0 (25:21, 28:26, 25:23) есебімен ұтты.

Осылайша, 46 ұпай жинаған «Жетісу» турнир кестесінде өскемендіктерді қуып жетіп, доп айырмасы бойынша үшінші орынға көтерілді.

Қарағандының «Ертісін» 3:0 (25:15, 25:17, 25:22) есебімен қапы қалдырған Түркістанның «Тұраны» 47 ұпаймен екінші сатыда тұр.

Солтүстікқазақстандық «Қуаныш» өз алаңында көш тізгінін ешкімге бере қоймас.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz