Полицейлер шетел азаматтарына көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полицейлер аязды күндері облыс жолдарында шетелдіктерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Полицейлер «Hyundai Tucson» маркілі көлікпен Ханты-Мансийск қаласына іс-сапармен бара жатқан Тәжікстан мен Өзбекстан елдерінің 5 азаматына көмектесті. Рощинск ауылының маңындағы «Астана – Петропавл» автожолының 370 шақырымында даланың суықтығына байланысты теміртұлпарлары тоқтап қалған. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Арман Оралов пен Асхат Қамалиев оларды Келлеровка ауылына қызметтік автокөлікпен апарды, қатып қалған автокөлікті жол-пайдалану учаскесінің жылы боксына алып келді.

Ал «Екатеринбург — Алматы» автожолының 797 шақырымында Түркия азаматының басқаруындағы «Volvo» көлігінің тартқышы істен шыққан. Ол Көкшетау қаласынан Түркияға үш трактор түрінде ауыр жүк тасымалдап келе жатқан. СҚО ПД ППБ қызметкерлері Қайрат Оразбеков пен Дамир Әбдірахманов көмекке келді.

– Аязды күндері қызметкерлер «ВАЗ-2114» және «Volkswagen» автокөліктерінің жүргізушілеріне көмектесті. Жүргізушілерден алыс сапарға шықпас бұрын көлік құралының техникалық жарамдылығын тексеруді және өзімен бірге қосалқы бөлшектерді, құралдарды, байланыс құралдарын және жылы киімдерді міндетті түрде алып жүруді сұраймыз , — дейді СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz