Облыс орталығында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 22,8 пайызға төмендеді. Бұл туралы Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Оның дерегінше, облыс орталығында ұрлық саны — 30,2, пәтер ұрлығы – 29,5 пайызға азайған. Ал тонау фактілері 16,2 пайызға төмендеген. Десе де полицейлер интернет-алаяқтық фактілері азаймай отырғанын алға тартуда.
– Интернет-алаяқтықты болдырмау мақсатында жүргізілген шаралар өз нәтижесін беруде. Мәселен 825 қала тұрғыны бәзбіреулердің алдауына көнбей, уақытылы полицияға жүгінген. Тонау фактілерін және жол қозғалысы ережелерін болдырмау үшін бейнеқондырғылардың көмегі зор Қазіргі уақытта 336 жаңа бейнекамера орнатылып жатыр, — деді Марат Жұмалиев.