Жыл басынан бері жастар ресурстық орталығының мүшелері 500-ден астам зейнеткерге көмек көрсетті. Еріктілер жалғызілікті азаматтарға үй шаруасын тындыруға жәрдемдесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету мақсатында өңірде «Игі істер марафоны» акциясы өтуде. Биыл жастар көмекке зәру қариялардың үйлеріне барып, аулалар мен баспана маңын қардан тазалауға көмектесті.
Бірі зейнеткерлерге үйлеріне көмір, отын тасыса, енді басқалары аула жанын қардан тазартты.
– Жастар өте белсенді. Маған көмектесіп жатыр. Жалғыз тұратындықтан үй шаруасында көмек қажет. Бүгін балалар шатырды қардан тазартты. Жыл сайын маған келіп тұрады. Рахмет, — дейді қала тұрғыны Галина Малыгина.