Облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында «Динамо» спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі спартакиаданың шымылдығын шаңғы жарысы ашты. Қысқы спорт түрінен сайыс Петропавлдағы Борки кентінде өтті. Биылғы додаға құқық қорғау органдарында қызмет етіп жүрген 10 ұжым қатысуға ниет білдірді.
Жарыс жолына алғашқы бірі болып әйелдер шықты. Бұрымды арасында полиция капитаны Лидия Логинова алға суырылып шығып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ерлерде тәртіп сақшы Ілияс Жұманов жеңімпаз атанды. Командалық есепте ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментінің қызметкерлері жеңіс тұғырына көтерілсе, екінші орынды СҚО полиция департаментінің шаңғышылары иеленді. Үздік үштікті ҚР Ұлттық ұланы академиясының спортшылары түйіндеді.
Наурыздың 12-сі мен 13-і күндері «Динамо» спартакиадасы аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері волейболдан сынға түспек