Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алулар саласында 229 заңбұзушылық фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаменті өкілдері 2021 жылы 32 қорытынды тексеріс жүргізіп, мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзған 229 фактіні анықтады, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл заңбұзушылықтардың  97,4 пайызы жергілікті атқарушы органдардың еншісінде, деді департамент басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында.

Оның айтуынша –«Бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр, оған мемлекеттік сатып алулар саласындағы құқық бұзушылықтардың 66 пайызға азайғаны дәлел. Бұл мамандардың сауаты артқанын, кәсіби деңгейі өскенін көрсетеді.   Ведомстволық ақпараттық жүйелер тексеріліп, заңбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жақсы жүргізіліп жатыр».

Бірақ, әлі де болса олқылықтар аз емес.  Мәселен, Қызылжар ауданының тұрғыны өтініші қызмет көрсетушіге жолданбауының салдарынан,  жер алуға берген өтініші қанағаттандырылмаған. Департамент мамандарының араласуынан кейін ғана жерге кезекке қойылған. Жалпы, Қызылжар ауданында заңбұзушылықтар алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz