СҚО автожолдарында көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмысы басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда су басуы мүмкін учаскелер бақылауға алынып, су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, республикалық маңызы бар А-1 «Астана-Петропавл» автожолының СҚО арқылы өтетін учаскелерінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарымен қатар, су өткізу құбырлары мен көпірасты су арналарын қардан тазарту жұмыстары да қоса жүргізіліп жатыр.

— Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, қауіпті учаскелер бақылауға алынды. Жол қызмектерлері жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізеді. Жалпы автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 105 арнайы техника және 250-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізіледі, — дейді компания өкілдері.

Жолшылар жолды қардан тазартып, көктайғақтың пайда болуына жол бермеу үшін құм-тұз қоспасын, химиялық реагентті себу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл қыста осы мақсатқа 2 600 м3 құм, 700 тонна техникалық тұз, 260 тонна химиялық реагент жұмсалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz