Петропавлда өткен «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» шарасында облыстық полиция департаментінің басшысына 8 қала тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тұрғындар полиция қызметіне қатысты өз уәждерін айтып, құқық қорғау органдары жұмысына қатысты сұрақтарын жолдай алды. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, азаматтарды қабылдаудың мұндай форматы өте тиімді әрі полиция жұмысының сервистік форматын дамытуға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері апта сайынғы жеке қабылдау барысында Айдын Қабдұлдинов 6 азаматты, ал Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары – 8, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары 38 адамды қабылдады. Бұл жұмыс тұрақты бақылауға алынған.