Наурыздың 1-нен бастап елімізде «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Баспаналы болуға ниетті азаматтар сәуірдің 30-на дейін otbasybank.kz сайтында жобаға өз өтініштерін қалдыра алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Отау» бағдарламасына ҚР азаматтығы немесе қандас мәртебесі бар, 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Әрбір қатысушыға қойылған негізгі міндет зейнетақы қорына өткен 6 ай ішінде ресми табыс көзінен түскен қаражат болуы шарт. Сондай-ақ өзінің және отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде кез-келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы да тексеріледі.
– Пәтер алуға Астана, Алматы қаларының тұрғындарына 30 млн. теңгеге дейін несие берілсе, солтүстікте банк бере алатын қаржы көлемі 18 млн. теңгеге дейін қарастырылған. Бағдарламаның шарттарына келер болсақ, алғашқы жарны пәтер бағасының 20 пайызын құрайды. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 9 пайыздан басталады. Қаражат салымшыға 19 жылға дейін беріледі, — дейді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ диреторы Алмас Жапабаев.
«Отау» бағдарламасына қатысатын тұрғындардың депозиті кемінде 18 ай және жинақта 1 млн. теңге көлемінде қаражат болуы қажет.