Солтүстікқазақстандық қос бірдей полицей аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Алматыда аралас жекпе-жектен «Free Fighting International Federation ММА» турнирі өтті. Жарысқа қазақстандық спортшылардан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Теріскейлік Ибрагим Беков лайықты өнер көрсетіп, 71 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.
Ал 84 келіден жоғары санатта Абылайхан Өмірзақ Азия чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.