СҚО полицейлері полиатлоннан өткен ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Ілияс Жұманов пен Татьяна Долбышева полиатлоннан ұйымдастырылған ел чемпионатына қатысты. Жарыс Өскемен қаласында өтті. Жерлестеріміз қысқа және орта қашықтыққа жүгіру, жүзуден спринт, мылтық атудан бақ сынады.
Ілияс Жұманов ер арасында сынға түсіп, ел чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ал қыздар қатарында Татьяна Долбышева үшінші орынға табан тіреді.
Погон таққан екі спортшы да халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, олар 24-34 жас аралығындағы спортшылар арасында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Биылғы біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен 170-тен астам атлет қатысты.