Берекедегі мектеп-интернат тамыз айында қолданысқа беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Береке» шағынауданында арнайы түзету мектеп-интернатының құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Білім беру нысаны биыл тамыз айында пайдалануға берілмекші, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының №2 арнайы мектеп-интернаты 111 адамға шақталған. Алайда бүгінгі күні оқу ордасында 191 бала оқып жүр. Осы мәселені шешу мақсатында жаңадан мектеп салу қарастырылды. Жаңа мекеме 300 оқушы қабылдайды және жанында 50 жатын орындық интернат бар. Мұнда 39 оқу кабинеті, кітапхана, тар бейінді маман-дәрігерлерге арналған кабинеттер, спортзал, ойын, душ бөлмелері, кір жуатын орын, автотұрақ және тағы басқалар болады. Мұның бәріне 2,4 млрд. теңге бөлінді.

Жаңа мектепті жергілікті «Зерттеу СК» компаниясы салып жатыр. Қазіргі уақытта нысанның 50 пайызы дайын. Құрылыс барысымен «AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мүшелері танысты. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, ғимараттың қасбетін уақытында аяқтау ерекше назарда.

– Бүгіндері нысанның қасбеті салынып жатыр. Алайда кестеден кешігіп жатырмыз. Бұған дейін 4 бригада жұмыс істеген болатын. Қазір іске бесіншісін қостық. Жалпы 30-ға жуық азамат еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ ішкі әрлеу және инженерлік желілер бойынша жұмыс жүргізілуде. Жақында өртке қарсы дабыл жүйесі орнатылады, — деді учаске бастығы Есенгелді Көкішев.

Ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған соң сыртқы және аумақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz