СҚО-да учаскелік инспектордың және ақсақалдардың өтініші бойынша кәсіпкерлер бір айға ішімдік сатудан бас тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Тайынша ауданындағы Абай ауылдық округіне қарасты Қарағаш ауылында учаскелік полиция инспекторы, имам және ақсақалдар кәсіпкерлерге қасиетті Рамазан айында ішімдік сатудан бас тартуды ұсынды. Кәсіпкерлер ақсақалдардың ұсынысына оң көзқараспен қарады.
Полиция қызметкері Руслан Бекболатовтың айтуынша, өткен және биылғы жылдың басында ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.