Петропавлда»Салт дәстүр күні» аясында қаладағы аулаларда Наурыз мейрамы аталып өтілді. Көпқабатты үйлердің тұрғындары бірігіп, ортақ дастархан жайып, концерттік бағдарламаны әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Петропавлдағы Жамбыл Жабаев көшесі, 80 үйдің ауласындағы мерекелік шараға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты. Өңір басшысы қалалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, бірлесе ұйымдастырылған шара үшін алғысын білдірді.
— Бұл маңызды іс, біздің халқымыздың салт-дәстүрлеріне құрметтің белгісі, Наурыз адамдарды бірлік пен достыққа үндейді, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.