СҚО-да мектептің екі оқушысы 68 жастағы азаматты өрттен аман алып қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысы Шағалалы елді мекенінде көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, бір адам күйік алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданы Шағалалы елді мекеніндегі екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабар 21 наурыз сағат 13.47 минут кеткенде келген. Елді мекен мен жақын маңдағы өрт сөндіру бекетінің арасы 55 км. Мамандар келгенше өртті «СКОС» ЖШС ерікті өрт сөндіру құрылымы сөндірді.

Ал осы ауылдағы орта мектептің екі оқушысы – 16 жастағы Константин Антропов пен 15 жастағы Станислав Петерс пәтер иесін құтқарды.

Денесінің 20 % күйіп, иіс тиіп уланған 68 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа.

Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz