1,6K
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестерімізді Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
— Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы, ізгілік пен жақсылықтың мейрамы, біздің халқымыз үшін жаңару кезеңі болып саналған.Құрылтайда Мемлекет басшысы Наурыздың маңыздылығын ерекше атап өтті. Биыл ұлттық мереке ерекше форматта тойланды. Наурызнама онкүндігі аясында көптеген шаралар өткізілді. Оның барлығы халқымыздың болмысын, мәдениетін, және салт-дәстүрлерін сақтауға бағытталған.Жаңа жылымыз жақсылық әкелсін. Әр отбасыға береке мен молшылық, қуаныш пен бақыт тілеймін. Облысымыз бен еліміз өркендеп, дами берсін.Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! — деп жазды СҚО әкімі.