Павлодар қаласында волейболдан ерлер командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының жартылай финалы өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Плей-офф бәсекесінде «Тараз» бен «Ақтөбе» командаларының жолдары түйісті. Бұл кездесуде «Тараз» өзінің фаворит екендігін дәлелдеп, 3:1 (25:18, 25:21, 24:26, 25:17) есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалдағы алғашқы кездесуін солтүстікқазақстандық «Есіл» командасы да өткізді. Жерлестеріміз алаң иелері «Павлодар» командасымен ойнады. Бірінші ойында 3:1 есебімен павлодарлықтар жеңіске жетті.
Жартылай финалдағы ойындар әр команда еншісінде екі жеңіліс болуы шарт.