Петропавлдық NIS ұжымы «спина бифида» ауруына шалдыққан жерлесіміз Әлішер Туқаевқа көмек көрсетуге атсалысты. Оқушылардың арқасында баланың отасына 400 мың теңге жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қаражат жинау үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырды. Олар би және кондитерлік істен ақылы шеберлік сыныптарын ұйымдастырып, аквагрим, «PlayStation» ойындарын, киносеанстар, караоке, гикпонг ойыны, дискотека және лотерея ойнатты. Осылайша оқушылар 400 мың теңге жинай алды. Қаражат баланың анасына табысталды.