Ақсақалдар бата беруден жарысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Тайынша қаласындағы аудандық мешітте «Ақ бата» атты бата беру сайысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Рамазан айында «Ислам және дәстүр құндылығы» аясында Тайынша ауданының орталығында «Ақ бата» сайысы ұйымдастырылды. Оған 10 ақсақал қатысты. Қариялар діни білімдерін, салт-дәстүрге жетік екендіктерін көрсете алды.

Қазылар алқасы ақсақалдардың бата беру шеберлігін, шешендік өнерлерін сараптап, Мұхамметғали Есенбай бірінші орынға ие болды. Сәлімжан Бимағамбетов 2-ші және 3-ші орынды Кенжеғара Молдағали иеленді. Жүлдегерлерге арнайы Алғыс хаттар табысталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.

– Біздің ауданда бірінші рет мұндай жарыс өтті. Қасиетті Рамазан айында ақсақалдардың білімдерін саралап, өнерлерін бағаладық, — дейді Тайынша мешітінің бас имамы Зиятбек Ахметұлы.
Сайыстан соң қатысушыларға ауызашар дастарханы жайылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz