Есірткі саудасына қатысы бар қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғынынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, Петропавлдық 39 жастағы келіншек синтетикалық есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде қаптаушы болып жұмыс істеген. Күдіктіні ұстау кезінде оның қалтасынан, пәтерінен аса ірі көлемде наша табылды. Сараптама көрсеткендей, алынған заттың жалпы салмағы 227,97 грамды құрап, «α-PvP» синтетикалық препараттары анықталып, мефедронның 57,57 грамы тәркіленді. Сондай-ақ, баспананы тінту барысында электронды таразылар, буып-түю материалы және есірткіні орауға арналған басқа қаптамалар алынды.

– Күдікті есірткіге тәуелді, бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған. Енді ол аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп нақтылады СҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жыл басынан бері полицейлермен СҚО аумағында 2 кг-нан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz