Петропавлдағы «Қызылжар» орталық мешітінің қызметкерлері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне ауызашар берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл Қасиетті Рамазан айында университет жатақханасында тұратын 1 мыңға жуық студент ауызын бекітті. Оларға мешіт қызметкерлері палау әзірлеп, су, нан, құрма таратты.
– Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі және өзі ораза тұтқандай сауабын алады» , — мешіт имамдары.