Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында қостанайлық «Тобыл» Петропавлдың «Қызылжар» командасымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Чемпиондыққа үміткер «Тобыл» клубы алғашқы екі турда ұпай жоғалтпаған еді. Бұл жолы қостанайлықтар «Қызылжармен» тең тарқасып, бір ұпай еншіледі.
Кездесу барысында командалар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті кәделеріне жарата алмады. Бір-бірінің қақпасының маңында қауіпті шабуылдарды ұйымдастырғанымен екі клубтың футболшылары да таблодағы есепке өзгеріс енгізе алмады.
Үшінші турдан соң жергілікті «Қызылжар» клубы турнирлік кестеде 4 ұпаймен алтыншы орынға жайғасса, қарсыластары «Тобыл» командасы бірінші орнын сақтап қалды.