Петропавлдағы Спорт сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында ел біріншілігі өз жалауын көтерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық додаға барлығы 1750 балуан қатысып жатыр. Олар 11 күннің ішінде өз салмақтарында мықтыны анықтайды.
– Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар келді. Балуандар U-15 санатында еркін, грек-рим және әйелдер күресінде 12 салмақ және U-20 санатындағыларда 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түспек. Жеңімпаздар ұлттық құрама сапына алынып, халықаралық додаларда ел намысын қорғамақ, — дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған күрес мектебінің директоры Мейрам Хамзин.