Құжаттарды қабылдау аяқталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста өңірлік кадр резервіне іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау наурыздың 1-і мен сәуірдің 1-і күндері аралығында өтті. Науқан кезінде 218 адамнан өтініш түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің мәліметінше, onir.pkrezerv.gov.kz сайтында 218 адам тіркеліп, құжаттардың толық пакетін ұсынған 167 қатысушы заңнаманы білуге қатысты тестілеуге жіберілді.

Естеріңізге салсақ, іріктеу 5 кезеңнен тұрады. Алдымен жобаға қатысушылар құжаттарды тапсырып, заңнаманы білу деңгейін бағалау бойынша тестілеуден өтсе, кейін жеке қасиеттері бағаланып, құрылымдық сұхбаттан өтуі тиіс. Соңғы сатыда үміткерлер өңірлік кадр комиссиясының отырысының шешімін күтеді.

– Бес кезеңнен сүрінбей өткендер сәуірдің 5-сы мен 14-і күндері аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының филиалдарында офлайн форматта заңнаманы білу бойынша және жеке қасиеттерін бағалау негізінде құрастырылған екі тестілеуден өтеді, — делінген департамент таратқан мәліметте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz