Кіші әділет кеңесшісі Медет Қафизов Айыртау ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, Медет Қанатұлы Қафизовтың прокуратура органдарында қызмет етіп жүргеніне сегіз жылдан асқан. Әр жылдары Ақмола облысының Атбасар ауданының аға прокуроры және Астрахань ауданы прокурорының орынбасары, Көкшетау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Ақмола облысы прокуратурасының Экстремизмге және терроризмге қарсы әрекеттер саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарған.
Медет Қафизов 2022 жылдан қазіргі тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының аға прокуроры болған.