Облыстық прокуратура мамандары бизнесмендерді заңсыз тексеріп келген мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларын анықтады. Ведомство мұндай 29 фактіні тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Заңсыз салықтық тексерістер облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің тапсырмасы бойынша жүзеге асқан. Петропавлда кәсіпкерлерге қатысты заңсыз 9 салықтық тексеру жүргізіліпті. Осындай жағдай Есіл, Қызылжар, М. Жұмабаев, Шал ақын және Мамлют аудандарында да анықталды.
– Қадағалау органының актілері бойынша мемлекеттік кірістің аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, 29 салықтық тексеру заңсыз деп танылды. Олардың күші жойылды, – делінген СҚО прокуратурасы таратқан мәліметте.