Су тасқыны кезінде қару-жарақтарды ұрлау фактілерін болдырмау мақсатында полицейлер аңшылардың мылтықтарын уақытша тәркілеп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, полицейлер Тайынша, Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы ауылдарда тұрғындардың тыныштығын күзетіп, су басуы мүмкін елді мекендерде күшейтілген режимде кезекшілік етіп жатыр.
– Егер қарғын су үйлерге кірсе, тұрғындар міндетті түрде қауіпсіз жерге шығарылады. Уақытша эвакуациялық пунктерге жайғастырылатыны белгілі. Сондықтан табиғи апат кезінде елді мекендерде тұратын аңшылар өз қару-жарақтарын полицияға тапсыруы қажет. Қазіргі уақыта тұрғындар өз еркімен 35 мылтықты берді, — дейді Тайынша аудандық ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтанов.