СҚО-дағы Сергеев су қоймасы толуға жақын

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл және шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Сергеев су қоймасы бүгінде 94 % толған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылы жанынан өтетін Есіл өзенінің дейгейі өткен тәулікте тағы 105 см-ге көтерілген. Осылайша тереңдігі 710 см-ге жетті. Мұндағы қауіпті деңгей – 1800 см.

Крещенка елді мекенінің маңында да Есіл өзенінің суы молайып жатыр, бір тәулікте көрсеткіш 52 см артты.

Иманбұрлық өзенінің де суы толып келеді. Бір тәулікте Соколовка елді мекенінің маңында оның деңгейі 71 см-ге көтерілген.

Рузаевка елді мекеніндегі гидрологиялық бекет Шарық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 45 см-ге артқанын көрсетті.

Шал ақын ауданында орналасқан Сергеев су қоймасында су деңгейі 34 см-ге көтерілді. Осылайша бөген бүгінде 94% толған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz