Тайынша ауданындағы 8 үйге су кірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен тәуліктің ішінде облыстағы ауылдардың көшелері мен аула аумақтарынан 57 мың текше су сорылып, 13 мыңға жуық арық тазартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, су тасқынының алдын алу мақсатында 3 мыңнан астам қап дайындалып, 2 мың 500 метрден асатын арық кеңейтіліп тереңдетілді.

– Таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, автожолдар арқылы еріген судың 28 төгілуі тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бар жолда — 3, облыстық маңызы бар жолда – 8, аудандық маңызы бар жолда – 17. Белгіленген учаскелерде жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күшімен кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай бақылауда, — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бүгіндері облыста көлік қатынасы үзілген бір елді мекен бар. Ол – Уәлиханов ауданындағы Қаратал ауылы. Тайынша ауданының Черниговка ауылында еріген қар суы 2 үйге кірді. Красная поляна ауылындағы эвакуациялау пунктіне 4 адам жеткізілді. Сондай-ақ қауіпсіз орындарға 14 бас ауыл шаруашылығы жануары эвакуацияланды.

– Тайынша ауданының Красная поляна ауылындағы 6 үйге су кірді. 4 адам уақытша туыстарына көшіп, 27 ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерге жеткізілді. Тасқын судан қорғаныс жасау үшін елді мекенде инженерлік жұмыстар жүргізілуде, — дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметінде.

Облыстың басқа аудандарында туындайтын қауіптердің алдын алу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілуде. Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында СҚО ТЖД және Түркістан облысы ТЖД топтық бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz