Тайынша ауданына қарасты Красная поляна ауылындағы орта мектеп аралас білім беру үдерісіне көшірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, өткен апта бойы Красная поляна елді мекеніндегі оқу нысанының сабақтары онлайн форматта өтті. Сәуірдің 8-нен оқушылар аралас форматта білім алады.
– Красная поляна елді мекеніндегі мектепте 125 оқушы оқиды. Олардың арасында өзге ауылдардан білім алып жүрген балалар бар. Олар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Қалғандары әдеттегі кестеге сай сабаққа келіп жүр, — дейді СҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.